Соңғы он жылда халықтың орташа ақшалай табысы 5 есеге артты - Елбасы

None
None
күйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Соңғы он жылда халықтың орташа ақшалай табысы 5 есеге артты. Бүгін ҚР Парламентінің кезекті сессиясын ашу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның сатылап дамуы ағымдағы жылғы ақпан-наурыз айында өткен  халық санағында айқын көрінді. Осы санақтың соңғы қорытындысы әлі де нақтылана түседі. Дегенмен де, мен алдын ала қорытындылар туралы айта аламын. Бұл көрсеткіштер біздің қоғамда үлкен өзгерістер орын алғандығын айғақтайды. Санақ нәтижесі соңғы он жыл көлемінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық өзгерістері ауыз толтырып айтарлықтай болғандығын көрсетеді. Ең алдымен бұнда жұртшылықтың өмір сүру деңгейінің оң бағытқа жылжығандығын көреміз. Мәселен, соңғы он жыл барысындағы қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есеге артты. Біз адам санының кему көрсеткішін тоқтатып, айтарлықтай демографиялық өсуді қамтамасыз еттік», деді Елбасы.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы жалпы соңғы  он жылда халық саны 14 млн. 900 мыңнан 16 млн. 300 мыңға дейін артқанын атап өтті. Бұл негізінен туу көрсеткішінің артуы мен өлім көрсеткішінің төмендеуінен болып отыр.

Соңғы жаңалықтар