Соңғы он тәулікте қазақ-өзбек шекарасынан 8 мыңнан астам жүк көлігі өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы он тәулікте қазақ-өзбек шекарасынан 6 мыңнан астам жүк көлігі өтті. Өткізу қабілетін арттыру мақсатында қазақстандық және өзбек кеден органдары келісім бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қос тарап кездесулер өткізіп, Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасында орналасқан барлық өткізу пунктері қаралды. Сондай-ақ, өткізу пунктеріндегі кедендік ресімдеу бизнес-процесстерді оңтайландыру бойынша келісімдер талқыланып, қол жеткізілді.

Соңғы он тәулікте Түркістан облысы бойынша МКД өткізу пунктері арқылы өткізілген көлік құралдары келесідей:

 «Қазығұрт» өткізу пункті – 2 243 жүк көлік құралы;

 «Б. Қонысбаев» өткізу пункті – 4 280 жүк көлік құралы;

 «Атамекен» өткізу пункті – 1 796 жүк көлік құралы.

Бір жүк көлік құралын ресімдеуге орта есеппен 2-3 минут жұмсалды.

«Сонымен қатар, жүру маршрутын тиімді жоспарлау және шекарада тұрып қалуды болдырмау мақсатында, жүргізушілер мен тасымалдаушыларға CarGoRuqsat электронды кезектің автоматтандырылған жүйесі (cgr.qoldau.kz) немесе Түркістан облысы бойынша МКД интернет-ресурсында (trk.kgd.gov.kz) кеден бекеттерінің жүктемесі мен өткізу кезегінің ағымдағы жағдайы туралы мәліметтерді көру мүмкіндігі ұсынылғанын хабарлаймыз», - деп жазды Мемлекеттік кірістер комитетінен.


Соңғы жаңалықтар