Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

«Соңғы мұғалім» Армениядан жүлдемен оралды

2019 жылғы 17 мамыр 09:50 490
Бөлісіңіз:
«Соңғы мұғалім» Армениядан жүлдемен оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлен Рахметалиев түсірген «Соңғы мұғалім» қысқаметражды фильмі Ереванда өткен халықаралық қысқаметражды фильмдерге арналған фестивальде арнайы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Владимир Тюлькиннің деректі фильмі Иранда өткен фестивальден жүлделі оралды Алдияр Байракимовтің фильмі Испаниядағы кинофестивальге қатысады

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильмде химия пәнінің мұғалімі Ержан Қайдарұлының өмірі баяндалады. Оның сабақтарында оқушылар үнемі шулап отырады. Бір күні жоғарғы сынып оқушыларынан жәбір көрген ұлын қорғамақ болған ұстаз олармен күреспек болады.  

«Фильмнің осындай жетістіктері әрине қуантады. Мен бұл фестивальге бара алмадым. Алайда осы байқауға менің курстасым, досым Дархан Төлегенов қатысты. Оның «Анна» атты фильмі де негізгі бағдарламада көрсетілген болатын. Дарханның айтуына қарағанда, отандық фильмдер  көрермендер мен фестиваль қонақтарының көңілдерінен шықты. Бұл қазақ кино өнерінің дамуының бірден бір айғағы, - деді режиссер Әлен Рахметалиев.

Yerevan International Short Film Festival фестивалі достық және жаһандық ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Сондай-ақ фестивальдің басты мақсаты - әлемнің үздік қысқаметражды фильмдерін көрсетуге болатын арнайы алаң ашып, Арменияның кино өндірісін дамыту. Биыл фестивальге қатысуға 65 мемлекеттен 650 өтінімдер келіп түскен екен. Айта кетсек, фестивальдің директоры атынан берілген бұл арнайы жүлде отандық жас режиссер түсірген Дархан Төлегеновтың «Анна» атты фильміне де бұйырды.

Еске салсақ, аталған фильм Ыстанбұлда өткен Dostluk Kısa Film Festival халықаралық кинофестивалінде екінші орынды иемденген еді.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Армения,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT