+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылатын болды

2020 жылғы 19 мамыр 12:04
Бөлісіңіз:
Соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылатын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім саласында осы апта маңызды екендігін естере отырып, тоқсандық бақылаулардың дұрыс өткізілуін қадағалау қажет. 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі міндетті түрде онлайн режимде өткізілетіндігіне назар аудартамыз. Ал 3-4 маусым күндері барлық 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру шараларын ұйымдасқан және талаптарды сақтай отырып өткізуді ұсынамыз», - деді Шолпан Каринова министрліктің Facebook-тегі парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында.

Осы ретте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғарыда аталған ұсыныстар еліміздің Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгендігін атап өтті.

«25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтарын өткіземіз. Жыл қорытындысын сол жерде әр сынып бойынша жасауға, оны әртүрлі уақытта өткізуге болады. Оны асыра ұйымдастырудың қажеті жоқ. Әр сынып жетекшісі қай уақытта, қалай өткізетіндігін ешқандай есепсіз, сұраусыз жеке тәртіпте өткізуі тиіс», - деді министр.

Асхат Аймағамбетов 3-4 маусымда мектеп түлектеріне аттестат тапсыру шарасы кезінде санитарлық талаптардың қатаң сақталуы тиістігіне ерекше назар аудартты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT