Соңғы екі жылда Қазақстан Ауғанстанға 1,3 млн тонна астық экспорттаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Мохд Фархад Азимимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Ауғанстан тарапы алдағы 4 жылда АИР-ны азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан бидай мен ұнды мемлекеттік сатып алуға қызығушылық танытты.

Айта кету керек, ауған нарығы - қазақстандық бидай мен ұнның дәстүрлі өткізу нарығы. Қазақстаннан Ауғанстанға бидай мен ұн экспорты 2018-2019 маркетинг жылдары (1 шілдеден 30 маусымға дейін) 320 мың тоннаны және 1 028 мың тоннаны құрады.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі тұтынушылары - солтүстік ауған өңірлері, сондай-ақ астаналық аймақ және Кабул қаласы. Сондай-ақ, Ауғанстаннан Қазақстанға өсімдік өнімдерін жеткізу, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар