Соңғы екі жылда 10 инспектор браконьерлікпен ұсталды - вице-министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев қазақстандық қорықшылар арасындағы браконьерлік оқиғалары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай фактілер кездеседі. Мәселен, өткен жыл мен биылғы 9 айда 10 оқиға тіркелген. Олардың барлығы бойынша сот отырысы өтіп, үкім шықты. Соңғы факті бойынша қызметтік шаралар жүріп жатыр. Сот шешімін күтіп отырмыз», - деді Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, вице-министр Қазақстанда табиғатты қорғау инспекторларына біліктілік талаптары күшейетінін жеткізді.

«Барлық жерде жағымсыз жайттар болып тұрады. Сондықтан, инспектор лауазымына жұмысқа қабылдайтын кезде біліктілік талаптарын күшейтеміз», - деді Ерлан Нысанбаев.

Соңғы жаңалықтар