Соңғы бес жылда мектеп түлектерінің шетелге кетуі 5 есеге азайды – ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы бес жылда түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуі бес есеге азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бас­тамасын жүзеге асыру аясында сту­дент жастардың тұрмыс жағдайын жақ­сарту мәселелері шешілуде.

«Бүгінде кол­ледждер үшін жоспарланған 7 жа­тақхананың 1 520 орындық 5-і пайдалануға бері­ліп, 488 ор­ындық екеуінің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Білікті маман» жобасы аясында 410 гранттық орын бөлініп, соңғы бес жылда түлектердің шетелдің жоғары оқу орындарына кетуі бес есеге қысқарды», - делінген ақпаратта

Ерекше қажеттіліктері барларға ке­дер­гісіз орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік инфрақұрылымды бе­йімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар