Соңғы аптада коронавируспен сырқаттану 1,5 есе өсті - Үкімет отырысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республика бойынша соңғы аптада коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейі 1,5 есе өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің атап өтуінше, коронавирус инфекциясының «Омикрон» нұсқасының айналымы мен таралуынан туындаған аурудың өсуі әлемнің барлық елдерінде байқалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 43 елінде ауру өршуде.

«Жыл басынан бері республикада 178 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырды. Пандемияның бүкіл кезеңін салыстырғанда алғаш рет жағдайлардың тәуліктік тіркелуі 16 мыңнан асты. Бұл «Омикрон» нұсқасының өте жоғары жұқпалылығына және таралу жылдамдығына байланысты. Бүгінгі таңда Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел «қызыл» аймақта орналасқан», - деді Ажар Ғиният.

Оның атап өтуінше, республика бойынша соңғы аптада коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейі 1,5 есе өсті.


Соңғы жаңалықтар