Соңғы аптада ел аумағында 3 200-ден астам қылмыс жасалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде республика аумағында 3 265 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 3 265 қылмыс жасалды. Оның 2 053 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 12 кісі өлтіруді, 9 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 39 тонау және 475 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын «ізін суытпай» ашты», - деді Ақтоты Боранова ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол өткен аптала Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Абай облыстық полиция департаментінің бастығы болып генерал-майоры Бекторе Сұлтан, Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов, Алматы қалалық полициясының басшысы қызметіне полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров тағайындалғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар