Соңғы 8 жылда Қазақстанда құс етін тұтыну 3,5 есеге артты - А. Евниев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Соңғы сегіз жылда Қазақстанда құс етін тұтыну 3,5 есеге артты. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен «Қазақстанда құс шаруашылығын дамытудың проблемалары мен перспективалары» атты дөңгелек үстелде

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев  осылай  мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «2008 жылы еліміздегі құс етін тұтыну жан басына шаққанда 12,5 келіні құрады. Бұл көрсеткіш жан басына шаққанда тұтыну нормасы 6,1 келіні құрағанын көрсетеді. Егер шет мемлекеттерді салыстырып қарастырсақ, Ресейде адам басына шаққандағы тұтыну 19,7 келіні, Украинада - 14,6, АҚШ-та - 48 келіні құрайды. Осылайша, тұтынудың жалпы өсімі және отандық өндірістегі өнімдердің қажеттілікті қамтамасыз ете алмауынан импорт көлемі артып отыр. Мәселен, 2000 жылы республикамызға құс етінің 19,9 мың тоннасы импортталса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 110,4 мыңды, 2008 жылы 132,8 мың тоннаны құрады», деді А. Евниев.

Оның айтуынша, қазіргі күні республиканың құс өсіру, құс шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу үшін жеткілікті қуаттылығы бар болып табылады. Мәселен, қазір елімізде 41 құс фабрикасы жұмыс істесе, оның 27-сі жұмыртқа бағытын, 14-і құс еті өндірісін қамтамасыз етуге арналған. Ал 1990 жылдары республикада жалпы 62 құс фабрикасы жұмыс істеп, оның 39-ы жұмыртқа, 23-і ет өндірісі бағытын қамтыған.  

Соңғы жаңалықтар