Соңғы 5 жылда елімізде қан айналысы жүйесінің аурулары азайды

None
None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Соңғы 5 жылда елімізде қан айналысы жүйесінің аурулары азайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова айтты.

«Қабылдан шаралар соңғы 5 жылда елімізде қан айналысы жүйесі ауруларын төрттен бір бөлікке төмендетуге мүмкіндік берді. Дегенмен де осы індет деңгейінің төмендеуіне қарамастан, өткен жылы бұл аурудан республикалық деңгейден жоғары өлім-жітім Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында тіркелді»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, қан айналысы жүйесі ауруларының салдарына темекі шегу, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, салмақтың артық болуы әсер етуде.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша кардиолог дәрігерлердің жетіспеушілігі Ақмола облысында 79 пайызды, Алматы облысында 64, Батыс Қазақстанда 60 пайызға жуық, Ақтөбе облысында 50 пайызды, сондай-ақ Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында 40 пайыздан асады. Ал Алматы қаласының өзінде кардиологтарға деген қажеттілік 62 пайызға жетіп отыр»,-деді Денсаулық сақтау министрі.

Соңғы жаңалықтар