Соңғы 3 жылда Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 28 пайызға өсті – Президент

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Соңғы 3 жылда Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 3,9 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ 1 телеграм каналына сілтемемен.

«Соңғы 3 жылда Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 28 пайызға өсіп, 3,9 миллиард теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және басқа да салалар қарқынды дамып келе жатыр. Мұның бәрі жергілікті жұрттың тұрмысы жақсарып, әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етеді. Еліміз қазір жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңіне қадам басты. Біз алға қойып отырған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға Павлодар облысы зор үлес қосады деп сенемін», - деді Президент.



Фото:t.me/bort_01






Соңғы жаңалықтар