Соңғы 10 жыл ішінде 50 жылдағыдан да көп пластик өндірілді - Пол Эммет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 10 жыл ішінде 50 жылдағыдан да көп пластик өндірілген. Бұл туралы «Let's do it world» жаһандық экологиялық қозғалысының ресми өкілі Пол Эммет «Кабар» агенттігіндегі баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазіргі таңда пластиктің 300-400 түрі бар.

«Соңғы 10 жылда әлемде 50 жылдағыдан да көп пластик өндірілген. Алдағы жылдарда оның саны арта бермек. «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясының мақсаты - пластиктерді адамдар тұратын жерлерден тазарту. Біз осы шарадан кейін жағдайдың өзгеретініне үміттенеміз», - деді Эммет.

Сондай-ақ, ол Жаңа Зеландияда 15 қыркүйек күні барлық тұрғындардың көшеге шығып, елді тазартатынын айтты. Осылайша, акция барысында әр ел бір тәулік ішінде өз аумағын тазартып, қоқыстан арылтады. 

Соңғы жаңалықтар