Сондерс өзінің сәтсіздіктеріне Головкинді кінәлады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерс мансабындағы өзгерістер мен орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегіне дайындығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

18 мамыр күні англиялық Стивенеджде Сондерс германиялық Шефат Исуфимен орта салмақта әлем чемпионының WBO белбеуіне таласады. Белбеудің бұған дейінгі иесі Хильберто Рамирес болатын.

«Бұл салмақта қалай бокстасатынымды көреміз, алайда мен үшін аса қиын болмайтыны анық. Бұл категорияда мен өзімді күштірек сезінемін. Шефат Исуфи - мықты боксшы, соққысы да ауыр, өйткені ол жеңіске жеткен 27 жекпе-жегінің 20-сын уақытынан бұрын аяқтаған. Алайда менің машықтарым оған жеңіл тимейтінін білем. Рамирес салмақ дәрежесін жоғарылатып, орта салмақты дивизионға қайтып шықпайды деп ойлаймын», - деді Билли Джо.

Сондерс таяуда ғана бұрынғы жаттықтырушысы Доминик Инглден кеткен болатын. Ал қазір Тайсон Фьюридің жаттықтырушысы Бен Дэвисонмен жаттығады.

«Біз Тайсон екеуміз бір залда жаттығамыз. Маған түбегейлі өзгерістер қажет болды. Шеффилдтегі жаттығу залы мен үшін біраз қолайсыз болатын. Головкин мен «Канело» өткен жылы бір-бірімен байланыста болды, 2018 жыл да мен үшін сәтсіз жыл болды. Маған жаңа бастама керектігін ұқтым», - деді Билли Джо Boxingscene.com-ге берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар