Сонау қиын-қыстау кезінде қонақжай қазақ халқы бір үзім нанын бөлісті - Ф.Багапов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Құшағы кім-кімге де айқара ашық, бауырмал да қонақжай қазақ жерінде татарлардың отызға жуық этно-мәдени бірлестіктері тіркелген болса, олардың санатында Көкшетаудағы татар мәдениеті орталығы да бар.

Бүгінгі күні осынау орталықтағы татарлар мен башкұрттар өзге ұлыстармен бірге еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің экономикасын дамытуға өз үлестерін қосуда. Сонау қиын-қыстау кезінде қонақжай қазақ халқы шаңырақтарының астына алып, бір үзім нанымен бөлісті, дейді Қазақстандағы татар және башқұрт қауымдастығының және Көкшетау татар мәдени орталығының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фарух Багапов.

Оның айтуынша, татарлар Көкшетау өңіріне сонау 1824 жылдан бастап қоныс аударып, 1841 жылы Айыртау ауданына қарасты Имантау, 1908 жылы Зеренді ауданына қарасты Желтау селоларының іргетасын қалаған екен. Мұнда олар дүкен мен дүңгіршіктер ашып, күнделікті тұтынатын тауарлар сатқан көрінеді. Сондай-ақ, татарлардың тері илейтін, көкөніс тұздап, тосап қайнататын, қой жүнін өңдейтін және өзге де кәсіпорындары болыпты. Көкшетауда да бірқатар кәсіпорындар мен сауда үйлерін татарлар басқарған. 1907 жылы Имантау селосында 22 жел және 4 су диірмені жұмыс істеген.

Бүгінгі таңда Ақмола облысы көлемінде 17 мың, облыс орталығында үш мың татар тұрады. Қазір қасиетті қазақ жерін мекендейтін жергілікті ұлт пен татар, башқұрт ұлыстарының ауызбірлігі жарасып, бейбіт өмір сүруде.

Құшағы кім-кімге де айқара ашық, бауырмал да қонақжай қазақ жерінде татарлардың отызға жуық этно-мәдени бірлестіктері тіркелген болса, олардың санатында Көкшетаудағы татар мәдениеті орталығы бар. Бүгінгі күні осынау орталықтағы татарлар мен башкұрлар өзге ұлыстармен бірге еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің экономикасын дамытуға өз үлестерін қосуда. Сонау қиын-қыстау кезінде қонақжай қазақ халқы шаңырақтарының астына алып, нанмен бөлісті, деп ағынан жарылды Ф.Багапов.

Соңғы жаңалықтар