Сомалидегі жарылыс: 7 адам мерт болып, 10-ы жарақаттанған

None
None
ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Сомалидегі Могадишодағы жарылыс салдарынан кем дегенде жеті адам опат болды, он адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Могадишоның басты трассаларының бойындағы бақылау-өткізу пунктінің жанында жарылғыш зат толтырылған автокөлік жарылған. Агенттік атап өткендей, жарылыс алдында полиция көлікке оқ жаудырған.

Өз кезегінде Garowe порталы автокөлік Сомали президентінің резиденциясы мен парламент ғимаратының жанында жарылғанын айтады. Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.


Фото: REUTERS/Feisal Omar
Соңғы жаңалықтар