Сомали жағалауында теңіз қарақшылары кемені басып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сомали жағалауында теңіз қарақшылары Панама елінің туы ілінген кемені басып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарулы алты қарақшының Біріккен Араб Әмірліктерінен Могадишо кемежайына бағыт алып, жолда техникалық себептермен тұрып қалған кемеге шабуыл жасағаны белгілі болды.

Команда мүшелерінің саны мен азаматтығы белгісіз. Сомали билігі басқыншылармен байланыс орнатуға әрекеттеніп отыр.


Соңғы жаңалықтар