Солтүстіккореялық жанкүйерлер Қысқы Олимпиада қонақтарын таңқалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстіккореялық жанкүйерлердің эмоцияға беріліп жанкүйерлік етуі - Пхенчхандағы Қысқы Олимпиаданың басты хитіне айналды. 

Independent Online хабарлауынша, жанкүйерлер тек ұйымдастырушыларды ғана емес, Пхенчхандағы Олимпиада ойындарын тамашалап отырғандардың барлығын таңқалдырып отыр.

Көптеген Twitter қолданушылары мен Олимпиада қонақтары өзін-өзі ұстай алмайтын солтүстіккореялық жанкүйерлер тобын сынға алуда. Олардың айтуынша, олардың бұл әрекеті диктаторларының насихаты секілді, деп жазды Yahoo Sports.

Мысалы, Twitter қолданушысы Мэтт Стопер мынадай жазба қалдырған: «Бұл - бұрын-соңды өз көзіммен көрген жабайы дүниелердің бірі болды! Олимпиададағы Солтүстік Кореядан келген жанкүйерлер командасы», - деп жазған ол.

Ұзынқұлақтың айтуынша, жанкүйерлер тобына тек дәулетті отбасылардың қыздары кірген. Олар сыртқы келбеті, музыкалық қабілеті және отбасыларының қоғамдағы орны бойынша таңдалып алынған, деп жазады AP шолушысы Тим Дальберг.

«

Туыстары із-түзсіз жоғалған немесе шетелде тұратын отбасылардан шыққан әйелдер жанкүйер бола алмайды. Себебі, олар қашып кетуі мүмкін», - деп хабарлады Korea Herald.

Соңғы жаңалықтар