Солтүстікке көшетін тұрғындарға ынталандыру сертификаты беріледі – министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова солтүстікке жұмыс күшін көшірудегі өзгерістерді айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі миграциядағы ең басты мәселе – оңтүстіктен солтүстікке азаматтарды көшіру ғана емес, солтүстікте жұмыс орнының болуы, содан кейін баспананың болуы, одан кейін ғана көшуді ойластырған жөн. Сондықтан қазір көші-қон жөніндегі бағдарламамызға өзгерістер енгізіп жатырмыз, ондағы бірінші өзгеріс – көшетін азамат жұмыс орнын белгілеуі керек. Яғни жұмыс берушілер немесе сол жердегі жергілікті атқарушы органдар жұмысқа орналастырады.

Екінші өзгеріс – жұмыс орны белгілі болған соң, қажетті келісімшартты жасаған соң ынталандыру сертификаттары беріледі. Мұнда олардың алатын баспанасының 50 пайызын құрайтын шамадағы қаражат қолына бөлінеді. Бұл қаражатты азамат үй салуға немсе сатып алуға болмаса отбасы банкіне бастапқы капитал ретінде сақтап, одан кейін сатып алуына да мүмкіндік болады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұған дейін Тамара Дүйсенова Ресейден елімізге қанша адам жұмыс мақсатында келгенін айтқан еді.

Сонымен бірге Қазақ картасы аясында шетелдегі этникалық қазақтарға жеңілдетілген виза, 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігі беріледі.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар