Солтүстікқазақстандық түлектер ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы 57 мектепте 99 мұғалім химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінен вариативтік компонент арқылы оқытқызған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің Білім басқармасының басшысы Гүлмира Каримованың айтуынша, облыстан 54 мұғалім В1 және В2 деңгейіндегі куәліктерге ие.

«2018 жылдан бастап жалпы 349 педагогы бар 205 мектепте химия, физика, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде өтетін болады», - деді Г.Каримова.

Сондай-ақ, ол үш тілді білім берудің стратегиялық мақсатын жүзеге асыру үшін бір уақытта үш тілді үйрету үшін қажет жағдай жасау керектігін айтып өтті.

«Біз жаңартылған мазмұнды енгізудің екінші кезеңін бастадық. Келесі жылы бұл бағытта жұмыс жасайтын жеті параллель болады. Бұл 1,2,3 және 5-6-7 мен 8-сыныптар. Жаңартылған бағдарлама бойынша оқытуға көшу үшін енді екі кезең қалды», - деді Г.Каримова.

Өткен айда өңірде сыныптан сыныпқа көшу, мектеп бітіру емтихандары болып өтті. Солтүстікқазақстандық оқушыларды алда ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Оны ағылшын тілінде тапсыруға болады.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 3894 түлек мектеп бітірген. 2748 бала ҰБТ-ны тапсыруға ниет білдіріп отір. 

Соңғы жаңалықтар