Солтүстікқазақстандық алты азамат «Құрмет» орденіне ие болды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Петропавлда салтанатты жиын болып өтті. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтап, бір топ азаматқа мемлекеттік наградаларды тапсырды.

«Сіздерді мемлекетіміздің басты мейрамы - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке - көпұлтты Қазақстанның өміріндегі маңызды оқиға. Бұл біз мемлекетіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік жетілуін түсінетін ерекше күн. Тәуелсіздік алу - басты байлығы ұйымшыл қазақстандық халық болып қала беретін алдағы тарихымыздың барысын анықтады», - деп атап өтті Ерік Сұлтанов.

Аймақ басшысы «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігігің директоры Геннадий Зенченкоға «Парасат» орденін табыстады. Солтүстікқазақстандық алты азамат «Құрмет» орденіне ие болды. Олардың арасында облыстық мәслихат хатшысы Қайырлы Ыдырысов та бар. Аймақтың тағы он тұрғынының еңбегі «Ерен еңбегі үшін» медальдарімен атап өтілді.

Облыстың барлығы 30 тұрғынына наградалар табысталды.

Соңғы жаңалықтар