Солтүстік және Оңтүстік Корея баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік және Оңтүстік Корея бірнеше сағаттық аралықпен баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізді, бұл КХДР ядролық мәселесі бойынша келіссөздің тоқтауы түбекте жаппай қару шығарудың күшейгенін көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Корея полигоннан елдің орталық бөлігінде Жапон теңізіне қарай екі зымыран ұшырды, жарты жылда алғаш рет болды және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын кезекті рет бұзды.

Осы уақытта Қытай мен Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлері Ван И мен Чон Ый-йонг Сеулдегі аймақтық жағдайды талқылады.

Бірнеше сағат өткеннен кейін, сол күні, 15 қыркүйекте, Оңтүстік Корея SLBM деп танылған су асты қайықтан ұшырылған алғашқы зымыранын сынақтан сәтті өткізді.

Осылайша әлемдегі осындай қаруларға ие жетінші ел болды. Бұл ұшырылым алдын ала жарияланды және бұл Пхеньянның әрекеттеріне берілген жауап емес.

КХДР-дың «зымыран ойындары» кімге бағытталған?

Сынақты көрген Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин қазір өз елінде «Солтүстік Кореяның арандатуларына қарсы тиімді құрал бар» деп мәлімдеді.

Ол Оңтүстік Корея өзінің әскери бағдарламаларын әрдайым Солтүстік Кореядан асып түсу үшін кеңейтетінін айтты.

Солтүстік Кореяның мемлекеттік агенттігі ЦТАК ел билеушісі Ким Чен Ынның әпкесі Ким Е Ченнің «Мун Чжэ Иннің сөздерін қисынсыз, өкініш тудыратын және қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі» деген пікірін таратты.

Оңтүстік Корея Қарулы күштері штабтарының біріккен комитетінің мәліметтері бойынша, Солтүстік Кореяның екі зымыраны мұхитқа құлағанға дейін 60 км биіктікте шамамен 800 шақырым ұшып өткен.

Оңтүстік Корея мен АҚШ олардың қай түрге жататынын анықтау мақсатында бірлескен талдау жүргізіп жатыр.

Бұған дейін, дүйсенбіге қараған түні КХДР ұзақ қашықтықтағы қанатты зымыранның жаңа түрін сынақтан өткізді.


Соңғы жаңалықтар