Солтүстік өңірлерде қар жауып, бұрқасын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26-27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. 26 сәуірде солтүстік-батыстан және батыстан жел соғып, жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. 27 сәуірде түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с болуы мүмкін. 26-27 сәуірде ауа температурасы түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді.

Петропавл қаласында 26-27 сәуірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. 27 сәуірде солтүстік-батыстан және батыстан қатты жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

26 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел сотүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Аймақта жаяу бұрқасын күтіледі.

26 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, таңертең және күндіз батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Түнде кей жерлерде 2 градус үсік сақталады.

26 сәуірде таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Соңғы жаңалықтар