Солтүстік өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында 20 маусым күні сағат 21.00-ден 21 маусым 21.00-ге дейін оңтүстік-батыстан жел соғып, солтүстік-батысқа қарай ойысады, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз өңір аумағының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысында 21 маусым найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар