Солтүстік өңірдегі 3 облыста тасқын болуы мүмкін - Қазгидромет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 26-28 наурызда елдің солтүстігінде күннің күрт жылынуына байланысты бірнеше өңірдегі өзендер суы тасуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жылжаам еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады. Бұл ретте өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі болуы мүмкін.

Сонымен қатар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында да температуралық фонның жоғарылауына және жауын-шашынның түсуіне байланысты өзендер суы тасуы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар