Солтүстік Кореядағы ядролық полигоның жабылу рәсіміне журналистер қатысады

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея сенбіде елдің солтүстігіндегі ядролық полигоннын жабуға қатысты «техникалық іс-шаралар» қабылдайтынын жария етті. Полигонды жабу туралы келісімге сәуірдегі Оңтүстік және Солтүстік Кореяның тарихи саммитінде қол жеткізілген болатын, деп хабарлайды Рёнхап агенттігі.

Мемлекеттік корей орталық ақпараттық агенттігі хабарлауынша, Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі таратқан баспасөз хабарламасында Пхунгеридегі ядролық полигонның жабылуына қатысты жоспар толық көрсетілген.

Ағылшынша мәлімдемеде биліктің Жұмысшы партиясы мен басқа да жауапты мекемелер «ядолық сынақтардың толық тоқтатылуын қамтамасыз ету» үшін «солтүстіктегі ядролық полигонды жабуға қатысты техникалық әзірліктер жүргізілуде» делінген.

27 сәуірде үшінші корейаралық саммитте Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын оңтүстікорейлік әріптесі Мун Чжэ Инге «ядролық поолигонды мамырда жабатынын» айтқан. Мүны оңтүстік Корея президентінің әкімшілігі растап отыр.

Ким сонымен бірге полигонның жабылуын жариялы түрде өткізуді ұсынды. Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеуінше, жабылу рәсімі 23-25 мамыр аралығында ауа райы қолайлы бір күнде өткізіледі.

Бақылау кеңістіктің шектеулі болуына байланысты жабылу рәсіміне Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, АҚШ және Ұлыбританияның журналистері ғана шақырылады. 

Соңғы жаңалықтар