Солтүстік Кореяда қара аққу етін жеп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея азық-түлік тапшылығынан зардап шегуде. Халықаралық санкциялар мен пандемия жағдайды одан әрі нашарлатты. Енді олар қара аққуларды ет бағытында өсіруді көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяда қара аққулар өнеркәсіптік көлемде ет үшін өсірілетін ферманың құрылысы аяқталды. Бұл ел билігінің азық-түліктің әртүрлілігін арттыру жоспарының бір бөлігі және азық-түлік дағдарысын өз бетімен жеңу әрекетінің бірі. Солтүстік Корея шенеуніктері аталмыш құстардың еті өте құнарлы екенін, ассортиментін көбейту халықтың өмір сүру сапасына оң әсер ететінін алға тартады. 2019 жылы билік мектептер мен кәсіпорындарға «өзін-өзі қамтамасыз етуді арттыру» үшін жеуге болатын кез келген нәрсені өсіруге және көбейтуге бұйрық берді. Қазір Солтүстік Корея ақпарат құралдары қара аққу етін тұтынуға үгіттеп жатыр. Ел көшбасшысы Ким Чен Ын шекаралардың жабықтығына байланысты елдегі азық-түлік жағдайы шиеленісіп тұрғанын мойындап, коронавирустың таралуын тоқтату үшін осындай құрбандыққа баруға мәжбүр болғандығы үшін тұрғындардан кешірім сұрады.


Соңғы жаңалықтар