Солтүстік Корея Жапонияға қарай зымыран жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея тағы да белгісіз зымыранды іске қосты, деп хабарлайды Reuters РБК-ға сілтеме жасап.

Агенттікке хабар жеткізуші оның баллистикалық зымыран екендігін айттты.

NHK телеарнасы Жапонияның Қорғаныс ведомствосына сілтеме жасай отырып, зымыранның Жапон теңізіне қарай бағытталғанын және оның экономикалық аймаққа құлауы мүмкіндігін хабарлады. Осыған байланысты Жапонияның теңіз қызметі суда жүрген барлық кемелерінің әскерлеріне өте мұқият болуды және су бетінде болуы ықтимал зымыранның қалдықтарын байқаған жағдайда жедел түрде билік өкілдеріне хабарлауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар