+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Солтүстік Корея Жапонияға қарай екі зымыран ұшырды

2020 жылғы 29 наурыз 10:59
Бөлісіңіз:
Солтүстік Корея Жапонияға қарай екі зымыран ұшырды

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай жақын қашықтықтаы екі баллистикалық зымыранды ұшырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жапония қорғаныс министрлігі екі снарядтың шығыс жағалауынан солтүстік-шығыс бағытта сағат таңғы 6:10-да ұшырылып, теңізге құламас бұрын, Жапонияның жағалаудағы экономикалық аймағының сыртындағы нүктесінде 250 метрдей жерге ұшқанын мәлім етті.

Осы ай басталғалы Солтүстік Корея АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің баллистикалық зымырандар технологиясы қолданылатын кез келген ұшыруға тыйым салғанына қарамастан, снарядтарын кезекті рет ұшырды.

Жапония үкіметінің хабарлауынша, 2 және 9 наурызда Солтүстік Корея шығыс аудандарынан ұшырылған снарядтар - шағын қашықтықтағы баллистикалық зымырандар. Сонымен бірге, 21 наурызда Солтүстік Корея батыс ауданынан екі баллистикалық зымыран ұшырған.

«Біз Солтүстік Кореяның әлемдік қауымдастыққа неге қарсы шығып жатқанын мұқият талдаймыз», - деп мәлімдеді жексенбі күні таңертең Жапонияның Қорғаныс министрі Таро Коно.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT