Солтүстік Корея жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХДР әуе қорғанысының жаңа жүйесін сынақтан өкізді, деп хабарлады Кореяның орталық телеграф агенттігі. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Сынақтың қай күні және қай жерде өткізілгендігі туралы хабарланбаған. Ақпаратта тек сынаққа Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынның қатысқандығы ғана айтылады.

Пхеньян өкілдерінің хабарлауынша, жаңа әуе қорғанысы жүйесі Ұлттық әскери ғылымдар академиясының өкілдері тарапынан дайындалған. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда жүйенің мүмкіндіктері нысананы іздеп табу және оның ізіне түсу сондай-ақ дәлме-дәл соққы беру жағынан жақсы жетілдірілген.

Ким Чен Ын өткен жылы мәлім болған бірқатар кемшіліктерді жоюдың мүмкіндігі туғандығын айтады. Ол аталмыш қару түрінің өндірісін жақсы жолға қойып, бүкіл ел бойынша орналыстыру жөнінде тапсырма берген.

Соңғы жаңалықтар