Солтүстік Корея ядролық полигонды жабуға уәде берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чжэ Инуға мамыр айында елдегі ядролық полигонды жабатындығын айтты, деп жазады ВВС.

Солтүстік Кореядағы ядролық полигонның жабылу салтанатына АҚШ-тан арнайы сарапшылар шақырылмақ.

«Ким саммитте мамыр айында полигонды жабатындығы туралы айтты», - деді журналистерге Оңтүстік Корея президентінің өкілі Юн Ен Чхан.

Оның сөзіне қарағанда, Корей түбегіндегі Пунгери ядролық полигонның жабылу салтанатына Корея мен АҚШ-тың қауіпсіздік қызметкерлерінен бөлек журналистерде де қатыса алады.

 


Соңғы жаңалықтар