Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартатындығын тағы да мәлімдеді

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Корей түбегін ядролық қарусыздандыруға және АҚШ президенті Дональд Трамппен саммит өткізуге дайын екендігін растады, деп мәлімдеді жексенбі күні Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ By. Бұл туралы ҚазАқпарат Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Пханмунджом декларациясына қол қойғаннан кейін Корей түбегін толықтай ядролық қарусыздардыратынын кезекті рет жеткізді. Сондай-ақ, ол АҚШ пен Солтүстік Корея саммитін өткізу нәтижесінде конфронтацияға және соғысқа нүкте қоюға ниетті», - деді президент Мун сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

«Біз, екі елдің көшбасшылары, Солтүсті Корея-АҚШ саммитін 12 маусымда өткізуге келістік», - деп атап өтті Оңтүстік Корея президенті.

Кореяаралық саммит соңғы рет Пханмунджомда, екі Кореяны бөліп тұрған шекара ауылында өткен болатын. Сол жерде 27 сәуірде Солтүстік және Оңтүстік Корея көшбасшыларының алғашқы саммиті өтті.

«АҚШ президенті Трамппен өткен аптада болған саммиттің қорытындысы туралы айтар болсақ, мен АҚШ президентінің егер Ким Чен Ын  толық ядролық қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, соны орындаса, Солтүстік Кореямен дұшпандық қатынасын тоқтатып, экономикалық ынтымақтастық жасайтыны туралы хабарламасын жеткіздім», - деп жеткізді Мун.

Оңтүстік Корея президенті дүйсенбі-сәрсенбі аралығында Вашингтонға сапармен барды.

«Кеше президент Ким Чен Ын Корей түбегін толықтай ядролық қарусыздандыратынын анық растады. Президент Ким АҚШ-тың уәдесіне сенуге болатынына толықтай көз жеткізе алмай отыр», - деп атап өтті Мун.

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен жоспарланған кездесудің 12 маусымда өтуі мүмкін екендігін мәлімдеген еді. 

Соңғы жаңалықтар