Солтүстік Корея тағы да Жапонияға қарай баллистикалық зымыран ұшырды

None
Фото: REUTERS
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея билігі құрлықаралық баллистикалық зымыранның жаңа сынағын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиға Оңтүстік Корея мен Жапония басшыларының тарихи кездесуі басталардан бірнеше сағат бұрын болды.

Солтүстік Кореяның бейсенбі таңында зымыран ұшырғанын Токио мен Сеул растады.

Зымыранның мың шақырымдай ұшып, Жапонияның батысына қарай, елдің теңіз экономикалық аймағынан тыс жерге қонғаны хабарланады.

Оңтүстік Корея әскерилері зымыран жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:10-да Пхеньяннан ұшырылғанын мәлімдеді.

Жапон армиясының мәліметінше, құрлықаралық баллистикалық зымыран 6 мың шақырым биіктікте шамамен 70 минут ұшып өткен.

Жапон шенеуніктері ұшырылымнан қандай да бір шығын болғаны туралы ақпарат берген жоқ.

Бұл - Солтүстік Кореяның соңғы аптада төртінші мәрте зымыран ұшыруы. Дегенмен, алдыңғы үшеуі қысқа қашықтықтағы зымырандар еді.


Соңғы жаңалықтар