Солтүстік Корея екінші ядролық саммиттің еш келісімсіз аяқталғанын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат Солтүстік Корея АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуден бір апта уақыт өткен соң екінші ядролық саммиттің нәтижесіз аяқталғанын хабарлады.

The New York Times басылымының жазуынша, Солтүстік Корея Ким Чен Ын мен Дональд Трамптың кездесуі еш келісімсіз аяқталғанын және Солтүстік бұған АҚШ-ты кіналайтынын айтты.

«Осы күнге дейін Солтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары 27-28 ақпанда Вьетнамда өткен Ким Чен Ын мен Дональд Трамптың кездесуінің сәтсіз аяқталғаны туралы ештеңе жазбаған еді. Саммиттің сәтсіздігі Ким үшін үлкен жеңіліс, ал ол Трамптан Солтүстік Кореяны БҰҰ санкцияларынан босатуды талап еткен еді», деп жазады басылым.

«Солтүстік Корея халқы Ким Чен Ын мен Дональд Трамптың екінші кездесуі жоғары деңгейде өтіп, жақсы нәтиже береді деп үміттенген еді. Дегенмен, кездесу еш келісімсіз аяқталған соң, халықтың еңсесі түсіп кетті. Көпшілігі бұл Америка Құрама Штаттарының жауапкершілігінде екенін айтуда», деп жазып жатыр Солтүстік Корея басылымдары.

Айта кету керек, БҰҰ санкциялары Солтүстік Кореяның экономикасына ауыр соққы болды. Ал екінші ядролық саммитте Солтүстік Корея ядролық қаруды демонтаждау бағдарламасын жүзеге асыру үшін негізгі санкцияларды алып тастауды сұраған еді. Саммит сәтсіз аяқталса да, Солтүстік Корея басылымдары Кимнің әлемдік аренадағы сөздерін жарыса жазып, сәтсіздік туралы жақ ашпаған болатын.

Сарапшылар бір аптадан соң осындай материалдардың пайда бола бастағанының артында не тұрғанын ойлап алаңдаушылық білдіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар