Валюта бағамдары:
    usd/kzt 447.9 eur/kzt 482.16

    rub/kzt 5.54 cny/kzt 63.46
Ауа райы:
Астана+36+38℃
  Jańalyqtar  >

Солтүстік Корея биыл 14 баллистикалық зымыран ұшырған - БҰҰ

2023 жылғы 21 наурыз, 21:07

АСТАНА. ҚазАқпарат – Солтүстік Корея жыл басталғаннан бері 14 баллистикалық зымыран ұшырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

БҰҰ саяси істер департаментінің Бас хатшысының көмекшісі Мирослав Йенча халықаралық қауымдастықты КХДР (Солтүстік Кореяның) баллистикалық зымырандарды ұшыру жағдайына алаңдаушылық білдірді.

«КХДР 2022 жылы зымыран ұшыру қызметін айтарлықтай арттырды, оның ішінде баллистикалық зымыран технологиясын қолданатын 70-ке жуық ұшыру бар», - деді ол.
Оның айтуынша, осы уақыт ішінде КХДР сынақтан өткізген зымырандардың басым бөлігі көршілес елдердің қауіпсіздігіне зиян тигізуі мүмкін.


Автор:

Смағұлова Еркежан

Новости по теме