Солтүстік Корея басшысы елдің қарулы күштеріне АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасауға дайындалуға бұйрық берді

None
None
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын елдің қарулы күштеріне АҚШ-тың Оңтүстік Корея мен Тынық мұхитындағы әскери базаларына соққы жасауға дайындалуға бұйрық берді, деп хабарлайды Reuters KCNA солтүстіккореялық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл бұйрық американдық Б-52 және Б-2 бомбалаушы ұшақтарының КХДР шекарасының маңына ұшып келгеннен кейін шығарылды.

Ким Чен Ын генералдармен кеңескен соң, стратегиялық ракеталық әскердің қарсылас тарапынан арандатушылық орын алған жағдайда АҚШ-тың Гуам, Гавай және Оңтүстік Кореядағы базаларына соққы жасауға дайындығының қорытынды жоспарына қол қойды.

Ким Чен Ын билікке келгелі КХДР жаңа тарихында үшінші рет ядролық қаруды сынақтан өткізді, сондай-ақ кең көлемді «бейбіт» ғарыш бағдарламасын бастайтынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар