+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Солтүстік Қазақстанның Уәлиханов ауданына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылғы 3 шілде 12:30
Бөлісіңіз:
Солтүстік Қазақстанның Уәлиханов ауданына жаңа әкім тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданына Қайрат Пішенбаев әкім болып тағайындалды. Жаңа жетекшіні бүгін аудан активіне өңір басшысы Құмар Ақсақалов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік Бас мемлекеттік санитар дәрігер неліктен ауысқанын түсіндірді Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданына жаңа әкім тағайындалды Маңғыстауда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Қайрат Сәкенұлы Пішенбаев 1961 жылы Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі М.Жұмабаев ауданы Ворошилов ауылында дүниеге келді.

1986 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдады.

Еңбек жолын 1979 жылы облыстағы Молодогвардейцев атындағы кеңшарда моторист болып бастады.

1995 жылға дейін квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді. Одан әрі он жыл бойы «Азық-түлік корпорациясы» жабық акционерлік қоғамында қызмет етті.

Әртүрлі уақытта Ақжар, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарының әкімі болды. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары болды.

Осы уақытқа дейін мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT