Солтүстік Қазақстанның білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінің отырысында білім басқармасының жаңа басшысын облыс әкімі Құмар Ақсақалов таныстырды. Ведомствоны бұдан былай Нәзір Жәшібеков басқармақ.

Нәзір Жәшібеков - Қарағанды қаласының тумасы, 32 жаста.

Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін 2011 жылы «тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Қарағандыдағы № 3 гимназияда тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.

Бірнеше жыл Қарағанды облыстық білім басқармасында мектепке дейінгі және орта білім бөлімін басқарды.

Саран қалалық білім бөлімі басшысы лауазымында еңбек етті.

Осы тағайындауға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығында директордың орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар