Солтүстік Қазақстанның ауылдарына 3 мың үй салынады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысының ауылдарында үш жылда 3 мың үй бой көтередi, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімдігіне сілтеме жасап.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әкімдік кеңесінде мәлім еткендей, тұрғын үйлер бiрыңғай сәулет үлгісінде салынады. Барлық аудандар бекiтiлген нобайлармен жұмыс жасаулары керек. 3 мың үйдің құрылысы еңбек ресурстарын тарту мақсатында қолға алынбақ.

«Бiз үйлердiң бiрнеше нұсқасын бекiттiк. Сол арқылы құрылыс жүргiзу керек. Арнайы комиссия барлығын тексеретiн болады. Биыл 100 үй, келесi жылы 600 үй бой көтередi. 2020 жылы - 1000, 2021 жылы 1400 үй салынады. Бюджетте ақша қарастырылған», - дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы аудан әкiмдерiне дайындық жұмыстарын жүргiзудi тапсырды. Бұл - техника, құрылыс материалдары және құрылысшылардың жеткiлiктi болуы.

Соңғы жаңалықтар