Солтүстік Қазақстанның Ақжар ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының аудандық әкімдіктерінде кадрлық тағайындаулар жалғасуда. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Қанат Қалиев Ақжар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

56 жастағы Қанат Қалиевтің аудан әкімі қызметінде тәжірибесі бар. Ол 2009 жылы Мамлют ауданын басқарды.

Қ.Қалиев еңбек жолын мал дәрігері болып бастаған.

Әр жылдары Қызылжар аудандық экология және биоресурстар басқармасының, аудандық аумақтық басқарманың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылжар ауданы бойынша аудандық аумақтық инспекциясының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық инспекциясының бастығы қызметтерін атқарды.

2018 жылдан бастап «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан филиалының директоры болды.

Ақжар ауданының бұрынғы әкімі Ербақыт Мадьяров орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысқа жол бергені үшін отставкаға кетті.

Өткен аптада өңірде Мамлют және Тайынша аудандарына жаңа әкім тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар