Солтүстік Қазақстанның Аққайың ауданына жаңа әкім тағайындалды
АҚҚАЙЫҢ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауымен Аққайың ауданына әкім болып Рүстем Елубаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Рүстем Елубаев 1969 жылы 27 шілдеде бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданының Май ауылында туған. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Ленин ауданының «Май» кеңшарында тұқым өсіруші-агроном болып бастаған. Түрлі лауазымды қызметте, соның ішінде 2005 жылы СҚО әкімінің кеңесшісі, 2006 жылы Уәлиханов ауданының әкімі, 2007 жылы СҚО Жер қатынастары басқармасының бастығы, 2009-2013 жылдар аралығында Аққайың ауданының әкімі және СҚО Мәдениет, мұрағат және құжаттар басқармасы жетекшісі болды. Осы тағайындауға дейін ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» облыстық филиалын басқарған.
Жаңа әкімді аудан активіне СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырды.
- Елорда әкімдігінде парақорлықпен күрес мәселесі талқыланды
- СҚО-да әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бір айда 5,5 млрд теңге жиналды
- СҚО-да «Бастау» мен «Жас кәсіпкер» түлектері жобаларының көрме-жәрмеңкесі өтті
- СҚО-да өткен облыстық айтыстың бас жүлдесін Мұхаммед Қоңқаев алды
-
Қостанай облысында бірқатар тағайындау болды
-
СҚО-да Орталық Азиядан келген 3 мың мигрант еңбек етеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам