Солтүстік Қазақстанға үскірік аяз келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына үскірік аяз келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде 25-26 желтоқсан күндері ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК деректеріне қарағанда, 25-26 желтоқсан күндері түнде облыс аумағында ауа температурасы минус 35-40 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде -30 градус болуы мүмкін.

«Төтенше жағдайлардан ескерту және адам шығынын болдырмау мақсатында аса қажет болмаса елді мекендерден алыстап шықпауға кеңес береміз. Ақпаратты көршілеріңізбен, туыстарыңызбен бөлісіңіздер. Балалар мен егде жастағыларға ерекше мән беріңіздер. Оларды жалғыз қалдырмаңыздар», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Құтқарушылар 112 нөмірі тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар