Солтүстік Қазақстанға Ресейден гуманитарлық көмек келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына Ресейден жеке қорғаныш құралдары, дәрі-дәрмек бар гуманитарлық көмек жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ға Ресейден жеткізілген гуманитарлық көмектің ішінде 2 600 дана қорғаныш костюмі, 21 мыңнан астам маска бар. Қауіпті вируспен күреске арналған «Коронавир» препаратының 230 қорабы да жеткізілді.

Гуманитарлық көмекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және қоғам өкілдері Петропавлда қарсы алып, жүктің тиісті жерге жетуін қадағалайтын болды.

«Денсаулық сақтау басқармасына тапсырамыз. Олар емдеу мекемелеріне қажетіне қарай тегін үлестіріп береді. Ресейден жеткізілген әр бұйымға мөр таңба басамыз. Бұл - тауар сатылмайды, сырқат пен медициналық қызметкерлерге тегін берілуі керек дегенді білдіреді», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.


Соңғы жаңалықтар