Солтүстік Қазақстандағы жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да Жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысқан жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жол-көлік апаты орнының алғашқы кадрлары мен кездейсоқ өтіп бара жатқан автокөліктің бейнетіркеуішіне жазылып қалған видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

СҚО ІІД баспасөз қызметі апаттан 23 жастағы жеңіл көлік жүргізушісінің мерт болғанын хабарлады.

«Жедел-тергеу тобы анықтағандай, 16 сағат 30 минутта «Челябі-Новосібір» автожолының 543 шақырымында  «ВАЗ-21140 маркалы автокөлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен және «КамАЗ-5320» жүк көлігімен соқтығысқан», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімі - «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол ережесі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Соңғы жаңалықтар