Солтүстік Қазақстандағы зауытта ұңғыма жөндейтін арнайы құрылғылар шығарылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Мұнаймаш» зауытына барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұнаймаш» АҚ бас директоры Спартак Пушкарев әкімге зауытты жаңғырту жұмыстарының барысы жайлы әңгімеледі. Зауыт ескі станоктарды өнімділігі жоғары жабдықтарға ауыстырып, жаңа технологияларға өту үстінде. Биыл 60 миллион теңгеге қазіргі заманғы фрезер станогы сатып алынды. Ол мұнай-газ кешеніне арналған өнімдер шығаруды кеңейту мүмкіндігін береді. «Жаңа станок бес координатта жұмыс істей алады. Алдағы уақытта Қазақстанда алғаш рет ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеуден шығаруға қолданылатын пакерлерді шығарамыз», - деді Спартак Пушкарев.

Келер жылы зауыт басшылығы жаңа жабдықтар алуға 100 миллион теңге бөлгелі отыр. Бұған дейін кәсіпорында өнімділігі жоғары 12 станок сатып алынған болатын. Биылғы инвестициялардың жалпы құны 200 миллион теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар