+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Солтүстік Қазақстандағы көлде балық қырылды

2019 жылғы 25 сәуір 14:14
Бөлісіңіз:
Солтүстік Қазақстандағы көлде балық қырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл маңындағы Пестрое көлінен балықтардың өлімтігі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде алабұға түсірілген видеоролик таралды. Экологтар, табиғат ресурстарын қорғау және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, табиғатты қорғау прокуратурасы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары оқиға орнына жіберілді.

«Анықталғандай, көлді жалға алушы айдынға алабұға төлін жіберген. Жалпы 30 килограмға жуық төл суға жіберілген. Жіберілген балықтардың шамамен 20% тасымалдау кезінде мертігіп, қоқысқа айналған», - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық экология департаментінің басшысы Ермек Умаров.

Оның айтуынша, департамент зертханасының мамандары «Қазгидромет» РМК филиалымен бірге су құрамын зерттеу үшін сынама алған. Департамент басшысы сынақ нәтижелері туралы хабарлауға уәде етті.

Автор: Олеся Жуковень

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT