Солтүстік Қазақстанда жаяу жүргіншілер 31 жол апатына себепші болған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы жаяу жүргіншілердің кінәсінен 31 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы апат үш адамның өмірін қиған, 34 солтүстікқазақстандық түрлі жарақат алған. Жеті жол-көлік оқиғасында жаяу жүргіншілер мас болған.

Қаңтарда полицейлер жаяу жүргіншілер тарапынан заң бұзған 460 жағдайды тіркеген. 2019 жылдың осы айымен салыстырғанда, заң бұзушылар саны 265-ке азайған. Сондай-ақ полицейлер жаяу жүргіншілерге қойылатын тәртіп сондай жоғары деп айтуға келмейді дейді.

«Барлық жағдайда адамдар жолды белгіленбеген жерден қиып өткен. Көбіне жаяу жүргіншілер жақын келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізу үшін айналаға қарауды ұмытып кетеді, жолда құлаққаппен келе жатып, өтіп бара жатқан көліктің дыбысын да естімейді. Көліктердің, тіпті төмен жылдамдықта болса да, әсіресе қыста бірден тоқтай алмайтынын түсіне бермейді», - деді аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Азамат Жамұқов.

Жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге екі АЕК мөлшерінде, яғни бес мың теңгеден сәл асатын айыппұл салынады.


Соңғы жаңалықтар