Солтүстік Қазақстанда жасырын сатып алушылар мемлекеттік органдарды тексерді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қоғамдық ұйымдармен бірлесіп мемлекеттік органдардағы қызмет көрсету сапасын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тексеру кезінде «жасырын сатып алушы» әдісі қолданылады. Оның көмегімен заңнаманы және ұсынымдарды орындаудың жасырын бұзушылығы анықталады.

Бұл жолы «жасырын сатып алушылар» Есіл және Уәлиханов аудандарындағы мемлекеттік органдарға барды.

«Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары бөлімдерінде күту орындарында орындықтар қойылған, бірақ оған отыру мүмкін емес. Себебі, орындықтардың отыратын және шынтақ тірейтін жері жоқ», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Тексеруші терезенің алдынан шелек пен аспалы шам тапқан.

Қоғамдық ұйым өкілінің айтуынша, мемлекеттік орган орналасқан ғимараттың іші қараңғы, линолеумдері жыртылып кеткен. Былтырдан бері ештеңе өзгермеген, тек баспалдақтар ғана ретке келтірілген.

«Солтүстік Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорацияның Есіл ауданындағы бөлімше ғимаратында санитарлық торап жоқ. Дәретхана ғимараттан қашық жерде далада орналасқан және құлыптаулы тұр», - деді баспасөз қызметінен.

Уәлиханов ауданында сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалмаған.

Сондай-ақ, жасырын сатып алушы Есіл аудандық әкімдігінің білім бөлімі ғимаратындағы мінсіз пандусқа,  қолайлылық пен тазалыққа назар аударған.

«Мемлекеттік орган басшылары Есіл аудандық білім бөлімінен үлгі алу керек шығар. Бәрін өзгертуге болады, тек басшылық қаласа болғаны», - деп атап өтті қоғамдық ұйым өкілі. 

Соңғы жаңалықтар