Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Солтүстік Қазақстанда ҰБТ төрт жерде өтеді

2019 жылғы 17 қаңтар 04:35 734
Бөлісіңіз:
Солтүстік Қазақстанда ҰБТ төрт жерде өтеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ҰБТ қаңтардың 19-ы күні өтеді. Оқушылар сынақтан Петропавлда және өңірдің үш ауданында өте алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім министрі ҰБТ туралы: Балаларды стрестік жағдайға әкелмеу керек Наурызда 80 мыңнан аса түлек ҰБТ тапсырады

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалды. Тек сынақ бұдан былай жылына төрт рет өткізіледі. Алғашқысы СҚО-да қаңтардың 19-ына белгіленген. Тестілеу құны - 2 242 теңге. ҰБТ өтуге өтініш берген оқушылардың басым бөлігі  бұл жолы дайындық ретінде сыннан өтпек. 20-қаңтар апелляциялық комиссия жұмыс істесе, 21-інде талапкерлер қолдарына сертификаттарын алады. Бірақ ол құжат грантпен оқуға түсу құқығын бермейді.

Ақылы бөлімге түсу үшін оқушы төрт рет өткізілетін ҰБТ-ның біреуіне ғана қатысып, шекті балға қол жеткізсе жетіп жатыр. Ал мемлекет грантына ниет білдіргендер ҰБТ-ны маусым айында тапсырады. Қаңтардың 19-ы күні өткелі отырған алғашқы тестілеу облыс бойынша төрт жерде өткізілмекші. Талапкерлер ыңғайларына қарай Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде немесе Ақжар, Айыртау және Жамбыл аудандарында сынақтан өте алады. 

Еске сала кетейік, қаңтар айының 15-20 аралығында елімізде ақылы негіздегі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталатындығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT