Солтүстік Қазақстанда туристік маусым басталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында туризм маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданға жыл сайын 30 мыңнан астам қазақстандық және ресейлік туристер келетіні айтылды. Шалқар және Имантау көлдерінің аумағында 37 демалыс орны мен 3 балалар сауықтыру лагері қонақтарға әзір.

Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Сәуле Мәжекееваның айтуынша, биыл жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асып жығылатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Соның ішінде 2 миллиард теңге ауданның жолдарын жөндеуге жұмсалмақ.

«Айыртау ауданына жыл сайын көптеген туристер келіп жатады. Сұлу табиғаты мен тарихи-мәдени ескерткіштері ауданда туризм саласын дамытудың жоғары әлеуеті бар екенін көрсетеді», - дейді аудан әкімі Бейбіт Исманов.

Жуырда ғана СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Имантау-Шалқар курорттық аймағының туристік нысандарына барып, ондағы маусымға дайындық жұмыстарымен танысқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар